Accessibility links

ЕҚЫҰ Беларусь журналисінің қамалғанын айыптады


ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі бойынша өкілі Дуня Миятович.
ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі бойынша өкілі Дуня Миятович.
ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович тәуелсіз Беларусь журналисінің 11 тәулікке абақтыға қамалғанын айыптады.

Миятович "Беларусь үкіметі журналистерге рұқсат берілген, я берілмеген кез-келген саяси оқиғаны хабарлап, таратуға ерік беруі керек" деді.

Беларусьтің тәуелсіз журналисі Александр Баразенко Минскіде қаңтардың 8-інде белсенді Никита Коваленко өткізген наразылық акциясын видеоға түсіріп жүргенде ұсталып, "рұқсат етілмеген шараға қатысты" деп айыпталып, 11 тәулікке қамалған. Ал белсенді Коваленко 15 тәулікке қамалған.
XS
SM
MD
LG