Accessibility links

СССР-дің белгілі тыңшысы қайтыс болды


СССР-дың атақты тыңшысы Геворк Вартанян.
СССР-дың атақты тыңшысы Геворк Вартанян.
СССР кезіндегі танымал тыңшы Геворк Вартанян 87 жасында қайтыс болды.

Геворк Вартанян екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иранда қызмет істеп, 1943 жылы Иосиф Сталин, Франклин Рузвельт және Уинстон Черчилльдің Тегерандағы кездесуіне Германия жоспарлаған қастандықтың алдын алуға көмектескен. Соғыстан кейінгі 30 жыл бойы ол әйелімен бірге тыңшылық құрамда бірге жұмыс істеді. Ұлыбританияның барлау қызметіне де астыртын кіріп, СССР-дегі жасырын агенттердің желілерін әшкерелеген.

Вартанян 1992 жылы Ресейдің сыртқы барлау қызметінен зейнеткерлікке шықты. Ресей президенті Дмитрий Медведев оған "шынайы патриот және тамаша адам" деген баға берді.
XS
SM
MD
LG