Accessibility links

Назарбаев сайлауда дауыс берді


Кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына таңертең алғашқы болып дауыс беріп жатқан сайлаушы. Алматыдағы №263 сайлау учаскесі, 15 қаңтар 2012 жыл.
Кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына таңертең алғашқы болып дауыс беріп жатқан сайлаушы. Алматыдағы №263 сайлау учаскесі, 15 қаңтар 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында парламент мәжілісінің сайлауына дауыс берді деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Назарбаев қаладағы ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №182 сайлау учаскесінде дауыс берген. Агенттіктің жазуынша, дауыс беру кезінде Назарбаев "сайлау ашық және әділ өту үшін барлық шаралардың жасалғанын" айтты.

Осы сайлау учаскесінде Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева, күйеу баласы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының бұрынғы басшысы Тимур Құлыбаев та дауыс берген.

Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау бүгін, Астана уақытымен сағат 7-де басталды.
XS
SM
MD
LG