Accessibility links

Кейбір журналистерді Жаңаөзенге жібермеді


Жаңаөзен қаласына кірер жол үстіндегі көрініс. Маңғыстау облысы, 14 қаңтар 2012 ж.
Жаңаөзен қаласына кірер жол үстіндегі көрініс. Маңғыстау облысы, 14 қаңтар 2012 ж.
"Голос Республики" басылымы бүгін Жаңаөзен қаласында сайлау кезінде журналистердің құқықтары бұзылып отырғандығын хабарлады.

Басылым таратқан хабарламаға қарағанда, "Голос Республики" газетінің журналистерін, оның ішінде бас редактор Татьяна Трубачеваны қалаға кіргізбей қойған.

Басылым Жаңаөзен қаласының комендантының орынбасары Қайрат Өтебай журналистерге сайлау барысы жайлы айтудан бас тартып, олардың конституциялық құқықтарын бұзғанын айтады. "Голос Республики" басылымы кеше, қаңтардың 14-і күні Маңғыстау облыстық әкімдігінде қала комендантына барлық құжаттардың берілгенін және сайлау барысын хабарлауда өздеріне ешқандай тіркеуден өту қажет болмайтындығын айтқанын келтіреді.

Басылым бұдан ары Қазақстанның заңнамалары бойынша журналистерге сайлау барысын қадағалап, хабар таратуға ешқандай шектеу қойылмайтынын алға тартып, "бүгінгі журналистерге қойылған шектеулерге сілтей отырып, парламент мәжілісінің сайлауын заңсыз деп есептейміз" дейді.
XS
SM
MD
LG