Accessibility links

Бозашыда 150 жұмысшы сайлауға қатыса алмай қалды


Маңғыстау облысының Бозашы түбегіндегі "Казкор СМУ" кәсіпорнының 150-ге тарта жұмысшысы сайлауда дауыс бере алмай қалды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Азаттық тілшісіне хабарласқан аты-жөнін атамауды сұраған кәсіпорын жұмысшысының айтуынша, кеше түнде олар тұрып жатқан жерге вахтер әйел келіп, алдымен сайлауда дауыс беретіндердің тізімін, тұрғылықты мекен-жайлары туралы мәліметтерді жазып әкеткен.

Жарты сағаттан соң ол кісіден сайлауға қашан баратынымызды сұрағанда, вахтер жұмысшылардың орнына бір ақ адам барып дауыс беріп келетінін айтқан. Бұған қарсы болған жұмысшыларға ол мұны бастықтың бұйырғанын айтқан.

Қазақстанда парламент сайлауына дауыс беру бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 7-де басталды. Парламентке өтуге барлығы жеті саяси партия қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG