Accessibility links

ОСК: дауыс беруге сайлаушылардың 75 пайызы қатысты


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауына сайлаушылардың 75 пайызы қатысқаны хабарланды. Бұл турасында орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлаудан кейін өткен брифингте құлағдар етті.

- Қазақстаннан тыс жерде 56 сайлау учаскесіндегі мәліметтер кейін түседі,- деген ол 9 миллион 300 мың сайлаушының 6 миллион 980 мыңы дауыс бергенін айтты.

Қуандық Тұрғанқұлов "Жалпы, республика бойынша дауыс беруге сайлаушылардың 75,07 проценті келген. Қазір барлық сайлау учаскелерінде дауыс жинау жүріп жатыр. Айта кетейін, сайлау заңына сәйкес сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап 12 cағаттан аспауы тиіс,"- деді.
XS
SM
MD
LG