Accessibility links

ЖСДП: Сайлау қорытындысын мойындамаймыз


ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілев.
ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілев.
ЖСДП парламент сайлауының қорытындысын мойындамайтындарын мәлімдеп оның нәтижелерін жоққа шығару үшін қолдан келгенін жасайтынын хабарлады.

Партияның тең төрағасы Болат Әбілев Алматыда өткізген баспасөз жиынында сайлаудағы заң бұзу фактілерінің барлығын тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті. "ЖСДП сайлауды бұрмалағандардың аты-жөндерін жариялай бастаймыз. Олардың арасында билік өкілдері де болады. Біз оларға демократиялық елдерге бара алмайтын мәртебе беруді талап етеміз" деді Әбілев.

Жиында сөйлеген партияның бас хатшысы Әміржан Қосанов партияны сайлауға байкот жарияламағаны үшін сынағанын айтып, бірақ сайлауға қатысуға жаңаөзендіктердің өтініші де бір себеп болғанын алға тартты. Қосанов тәуелсіз қоғамдық комиссияның құрамында Жаңаөзенге барған кездерінде өздеріне аяғынан жараланған жас жігіттің "сайлауға түсіп, парламенттен өздерінің мәселесін көтеруді" сұрағанын жеткізді.

Ол қаңтардың 17-сі күні Алматыдағы орталық алаңда сайлау нәтижелеріне наразылық шеруіне шығатындарын айтты.

Сайлаудың алдын-ала қорытындылары бойынша, парламент мәжілісіне билікке жақын "Нұр Отан", "Ақ жол" және Халықтық коммунистік партиясы өткен.
XS
SM
MD
LG