Accessibility links

Терактіден жараланған адам ҰҚК-ні сотқа берді


Бүгін Ақтөбе қалалық сотында ҰҚК департаментінің облыстық ғимаратындағы жарылыста жараланған Жеңісбек Молдиннің Ақтөбе облыстық ҰҚК департаментінің үстінен түсірген шағымын тыңдау басталды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Жеңісбек Молдин өзінің шағымында 2011 жылдың 17 мамырында Ақтөбе облыстық ҰҚК департаментінде болған жарылыс салдарынан жараланғанын, бомба жарықшақтарынан денесіне зақым келіп, күйік шалғанын, күйзеліске түскенін айтып, осы зақымдардың орнын толтыруды талап етеді.

Ол осы зардаптардың өтемақысы ретінде облыстық ҰҚК департаментінен 10 миллион теңге өндіріп алуды талап етеді.

Жеңісбек Молдин былтыр 17 мамырда Ақтөбе облыстық департаментінде Рахымжан Махатов есімді жанкешті өзін-өзі жарып жіберген кезде ауыр жарақат алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG