Ресейдің Киров қаласында үкіметтің оппозицияны қудалауына қарсы кеше жалғыз адам наразылық акциясын өткізді.
Наразылық акциясын қаладағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Евгений Юшков Федералдық қауіпсіздік қызметінің жергілікті бөлімшесінде ұйымдастырған. Ол жергілікті органның алдында: "Арнайы қызмет - мемлекеттің ішіндегі мемлекет. Оларды Ресейдің премьер-министрі Путиннен басқа ешкім бақыламайды. Бұл тыңшылық ойынды доғаратын кез жетті" деп айқайлаған.
Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері акцияны тоқтатуға тырысып, оқиғаны видеоға түсіріп жүрген Азаттық радиосының Орыс қызметінің тілшісінен видеокамераны өшіруді талап еткен. қауіпсіздік қызметі шақырған полиция олардың құжаттарын тексеріп қоя берген. Акция бір сағатқа созылған.
Ресей заңдары бойынша, жалғыз адамға наразылық акциясын өткізу үшін рұқсат алу талап етілмейді. Жалғыз адам ұйымдастыратын наразылық акциялары Ресейдің бірнеше қалаларында өтіп жүр.