Accessibility links

Прокуратура: "Нұр Отанды" қаралаушыға іс қозғалды


"Нұр Отан" партиясы үміткерлерінің суреті басылған жарнама. Ақтөбе, 12 қаңтар 2012 жыл.
"Нұр Отан" партиясы үміткерлерінің суреті басылған жарнама. Ақтөбе, 12 қаңтар 2012 жыл.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы "Нұр Отан" партиясын заңсыз үгіт-насихат жүргізді және сайлаушыларды дауыстарын тек осы партияға мәжбүрлеп бергізді деп қаралаған белгісіз адамға қатысты әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы осы облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеген "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Прокуратураның хабарлауынша, сайлау күні өздеріне қаладағы №10 мектептің директорының міндетін атқарушыдан сайлау барысы мен "Нұр Отан" партиясын қаралаған белгісіз адамға шара қолдануды сұраған шағым түскен. Онда
www.sailau.crowdmap.com сайтында жалған мәлімет келтірілгені турасында айтылған.

Сайтта мектептегі бір мұғалім оқушылардың ата-аналарына "Нұр Отан" партиясына дауыс беруге насихаттағаны туралы хабар жарияланған.

"Бірақ мектеп басшылығы мектепте ондай мұғалімнің жұмыс істемейтінін айтты. Сайтта жарияланған мәліметтер жалған болып шықты. Құзырлы орындарға жауапты адамды табуға тапсырма берілді" деген баспасөз қызметі.

Заң бойынша, жалған ақпарат таратқан адамға 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
XS
SM
MD
LG