Украинаның Харьков қаласында кеше бір топ жас бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко жазасын өтеп жатқан түрменің алдына келіп, оған қарсы наразылық акциясын өткізді.
"Молодые регионы" тобының мүшелері 2009 жылы Тимошенконың Украина мен Ресей арасындағы газ келісіміне қол қоюының үш жыл толуына арнап, "Украиндіктерге арналған алтын газ туралы" ертегіні сахналап шығарды.
"Молодые регионы" тобы президент Виктор Янукович басқаратын "Партия регионов Украины" партиясының жастар қанаты ретінде танылып жүр. Топ Юлия Тимошенконы "Ресеймен тиімсіз газ келісіміне қол қойды" деп айыптайды.
Юлия Тимошенко "2011 жылдың қазанында Ресеймен газ келісіміне қол қоюда қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталды.