Accessibility links

Обама: Сириядағы зорлық-зомбылыққа төзуге болмайды


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама Иордания королі Абдулламен кездесуінде "Вашингтон Сирия президенті Башар әл-Асадтың биліктен кетуіне дипломатиялық тұрғыдан бар күшін салып жатыр" деп мәлімдеді.

Барак Обама сондай-ақ шерушілердің басып-жанышталуын "төзуге болмайтын жағдай" деп, зорлық-зомбылықтан адам шығынының көп болып жатқанын айыптады.

Қазір БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Сириядағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға арналған жаңа қарарының жобасы қаралып жатыр. Сирияның басты одақтасы Ресей дүйсенбі күні Башар әл-Асад үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатып, тұтқындарды босатуға шақыратын қарарды ұсынған. Бірақ Ресей Сирияның ішкі ісіне шет елдік әскери күштердің араласуына үзілді-кесілді қарсы.

Адам құқықтарын қорғау ұйымдары кеше Сирияда қақтығыстардан 32 адамның қаза тапқанын хабарлады. Олардың көпшілігі шеру болып жатқан Хомс провинциясында қаза болған.
XS
SM
MD
LG