Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстандағы сайлауларды сынайтын сарапшыларды бұдан былай елге шақырмайтынын айтты деп хабарлады ресми ақпарат көзіне сілтеген "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
"Біз бұдан былай Қазақстанға өткізген сайлауымызды сынайтын, әлдекімдер жалдаған сарапшыларды шақырмаймыз" деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінде сөйлеген сөзінде. Президент "халықаралық бақылаушылар мен сарапшылардың көпшілігі сайлауды ашық, әділ өтті деп бағалағандарын" айтқан.
Қазақстанда қаңтардың 15-інде парламент мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауы өтіп, парламентке "Нұр Отан", "Ақ жол" партиясы және Қазақстан коммунистік халықтық партиясы өткен.
Сайлауды бақылаған бірқатар халықаралық ұйымдар, оның ішінде ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы "сайлау демократиялық талаптарға сай өткен жоқ" деп сынады. Артынша АҚШ мемлекеттік департаменті, Еуропалық одақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон да ЕҚЫҰ бақылаушыларының сайлауға берген бағасымен келісетінін айтты.