Accessibility links

Өзбекстан азаматы Обамаға қастандығын мойындамақ


Барак Обамаға қастандық жасамақ болды деп айыпталған Өзбекстан азаматы Ұлықбек Қодиров.
Барак Обамаға қастандық жасамақ болды деп айыпталған Өзбекстан азаматы Ұлықбек Қодиров.
"АҚШ президенті Барак Обамаға бірнеше рет қастандық жасамақ болды және заңсыз қару сақтады" деп айыпталған 21 жастағы Өзбекстан азаматы Ұлықбек Қодиров өзінің кінәсін мойындайтын болды.

“Birmingham News” газеті федералдық сот Ұлықбек Қодиров өзінің кінәсін мойындау үшін 10 ақпанда сот тыңдауын өткізуді белгілегенін жазады. Мұны оның қорғаушысы Лэнс Бэлл де растаған.

Сот материалы бойынша, Ұлықбек Қодиров 2011 жылдың шілдесінде Алабама штатында тұтқындалғанға дейін құпияагенттен мерген мылтығын сатып алған. Ол алғашында өз кінәсін мойындамаған.
XS
SM
MD
LG