Accessibility links

Freedom House: Қазақстан әлі еркін ел емес


Freedom House-тың 2007-2011 жылдардағы әлем елдеріндегі еркіндік деңгейіне арналған картасы.
Freedom House-тың 2007-2011 жылдардағы әлем елдеріндегі еркіндік деңгейіне арналған картасы.
Freedom House ("Фридом Хаус") халықаралық құқық қорғау ұйымы 2011 жылы Қазақстандағы еркіндік деңгейі төмендеді деп мәлімдеді өзінің жыл сайынғы әлем елдеріндегі еркіндік деңгейін анықтайтын есебінде.

Ұйым есебінде сондай-ақ Әзірбайжан, Украина, Венгрия және Оңтүстік Африка елдерінде де еркіндік деңгейінің төмендегені айтылады.

Freedom House ұйымының есебінше, 2011 жылы еркін ел қатарына 83 мемлекет кірген. Бұл - 2010 жылғы көрсеткішпен бірдей және әлемдегі халықтың 43 пайызы еркіндікте өмір сүреді деген сөз.

2010 жылы 12 елде еркіндік деңгейі төмендеген. Ал 2011 жылы ол 26 елге жеткен.

Freedom House "араб елдерінде болған төңкерістер басқа елдердегі халықтарды да еркіндікке ұмтылуға шақырды" деген қорытынды жасайды.
XS
SM
MD
LG