Ресей премьер-министрі Владимир Путин өзінің оппозициямен келіссөз жүргізуге дайын екендігін, бірақ оппозицияның өзімен сөйлесуге шынымен ынталы екендігіне күмәні барын мәлімдеді. Ол мұны кеше Мәскеу сыртындағы резиденциясында журналистермен кездесуінде айтқан.
Владимир Путиннің сөзіне қарағанда, бірқатар оппозиционерлер кездесуге шақырылған, бірақ ешкім келмеген. Алайда, Путин оппозициядан нақты кімдерді және қашан шақырғанын атамады.
Премьер-министр сондай-ақ оппозицияның қызметін хабарлап отыратын "Эхо Москвы" радиосын өзінің ар-намысына нұқсан келтіреді және шетел пайдасына қызмет етеді деп айыптап өтті.
Путин басқаратын "Единая Россия" партиясы желтоқсанның 4-інде болған парламент сайлауында көпшілік дауысты жеңіп алды. Оппозиция сайлауды әділ және еркін өтпеді деп айыптап, наразылық шерулерін өткізіп келеді.