Accessibility links

Қазақстан үкіметінде ауыс-түйістер жасалды


«Ланкастер Груп» компаниясының басшысы болған Нұрлан Қаппаров. (сурет компанияның сайтынан алынған).
«Ланкастер Груп» компаниясының басшысы болған Нұрлан Қаппаров. (сурет компанияның сайтынан алынған).
Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтегі ауыс-түйістер туралы жарлықтарға қол қойды деп хабарлайды қазақстандық ақпарат агенттіктері.

Осы уақытқа дейін әділет министрлігін басқарып келген Рашид Түсіпбеков қаржы полициясының басшысы, ал парламент сенатының бұрынғы депутаты Берік Имашев әділет министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның сауда және экономикалық даму министрі болған Қайрат Келімбетов вице-премьер-министр болып тағайындалды.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев сауда және экономикалық даму министрлігін басқаратын болды. Сонымен қатар Нұрлан Қаппаров қоршаған ортаны қорғау министрі болып тағайындалды.
XS
SM
MD
LG