Accessibility links

Жаңа вице-премьер макроэкономикамен айналысады


Қазақстанның вице премьер-министрі болып тағайындалған Қайрат Келімбетов бұл қызметте макроэкономика мен үкіметтің «Самұрық-Қазына» ұлттық қорымен өзара байланысы және ықпалдастық мәселелеріне жетекшілік етеді. Бұл жөнінде Экономикалық даму және сауда министрлігінің сенбі күні таратылған баспасөз баянында айтылған.

«Вице-премьер Келімбетов бұған дейін бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкееев жетекшілік еткен барлық мәселелермен айналысады",- деп атап көрсеткен Экономикалық даму министрлігі ұжымының алдында сөйлеген сөзінде премьер Кәрім Мәсімов.

Сенбі күні Қазақстан премьер-министрі Экономикалық даму министрлігінің ұжымына, бұған дейін Павлодар облысының әкімі болған, жаңа министр Бақытжан Сағынтаевты таныстырды.
XS
SM
MD
LG