Қытай Иранды ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерге қайта оралуға шақырып отыр.
Бүгін Қытай сыртқы істер министрі У Хайлун Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Әли Бакер бастаған делегациясымен кездесу барысында Иран ядролық бағдарламасының даулы мәселесін санкциялармен немесе әскери араласумен емес, бейбіт жолмен шешкен жөн деп мәлімдеді.
Осы тектес мәлімдемені мұның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да жасаған болатын. Клинтонның сөзіне қарағанда, халықаралық қауымдастық Ираннан келіссөздерді қайта бастау тұрғысындағы мәлімдемелеріне қатысты көбірек шынайылықты күтеді.
АҚШ конгресі Иранның Орталық банкімен іс жүргізуді тоқтатпаған шетелдік банктерге қатысты санкция қарастыратын заң жобасын талқылап жатыр.
Санкция – АҚШ-тың Халықаралық атом энергетикасы ұйымының Иран ядролық қару жасаумен айналысып жатыр деген айыптауларына жауабы. Ал Тегеран бұл айыптауларды жоққа шығарады.