Accessibility links

Сирияда қарулы қақтығыстар қайта жалғасты


Сирия президенті Башар әл-Асадты қолдаушылардың шеруі. Дамаск, 20 қаңтар, 2012 жыл.
Сирия президенті Башар әл-Асадты қолдаушылардың шеруі. Дамаск, 20 қаңтар, 2012 жыл.
Сирияның солтүстігінде әскери бөлімшелері мен армияның оппозиция жағына өткен қызметкерлері арасында қарулы қақтығыс қайта өршіді. Әл-Жазира телеарнасының хабарлауынша, Түркиямен шекарадағы Жиср әш-Шүгір қаласында ұрыстар жүріп жатыр, қақтығыстың анық-қанығы әзірге хабарланбады.

Бүгін сондай-ак Сирияның солтүстігіндегі Идлиб аймағында тұтқындарды әкетіп бара жатқан шағын автобус минаға түсіп жарылып, 11 адам опат болды.

Каирде Араб лигасы елдерінің өкілдері бақылаушыларының баяндамасын талқылап жатыр, олар Сирияға өткен айда барған. Бақылаушылар он айдан бері қауіпсіздік күштері мен президент Башар Асадтың қарсыластарының қақтығысы жалғасып жатқан Сириядағы ахуал туралы деректерді жинақтаған.

Күн тәртібінде -Лига бақылаушыларының 26 қаңтарда бітетін Сириядағы бақылау мерзімін ұзарту-ұзартпау мәселесін шешу.
XS
SM
MD
LG