Accessibility links

Сириядағы Араб лигасының миссиясы ұзартылуы мүмкін


Бүгін Каирде кезедсіп жатқан Араб лигасы елдерінің сыртқы істер министрлері бақылаушылардың бір ай бойғы жұмыс барысынан жасалған есепті тыңдап, олардың қызметін бұдан әрі созу –созбау мәселесін талқылайды.
Хабарларға қарағанда, Араб лигасы министрлері Сириядағы 165 бақылаушыны елді тағы қалдырып, оларға көбірек құзырет беруі де мүмкін.

Бақылаушылар 10 айдан бері қақтығыстар жалғасып жатқан Сирияда азаптаулар мен зорлық-зомбылықты қадағалау, болдырмау ісін толыққанды атқара алмады деген сындар да айтылған болатын.

БҰҰ Сирияда 5 мыңнан астам адам опат болды деп мәлімдеп отыр.

Сенбі күні Сирияның оппозициялық Ұлттық кеңесі Араб лигасын Сириядағы дағдарысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне шығаруды сұрады.
XS
SM
MD
LG