Accessibility links

Саудиялық бақылаушылар Сириядан шығады


Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі ханзада Сауд әл-Фейсал кеше "Дамаск Араб лигасы елдерінің Сирияны дағдарыстан шығару жоспарының кейбір ережелерін орындамай отыр" деп, өз елі бақылаушыларының Сириядан шығарылатынын мәлімдеді.

Бірқатар ұйымдардың пікірінше, Араб лигасының бақылаушылары шерушілерді басып-жаныштауға қарсы тұра алмаған. Сирияның оппозициялық ұлттық кеңесі Араб лигасы елдерін бұл мәселені БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарауына жіберуді сұрады.

Араб лигасы кеше Сириядағы дағдарысты шешу үшін жаңа "Жол картасы" жоспарын жасап шыққан. Ол жоспар бойынша, Башар әл-Асад билікті орынбасарына беруі керек, елде парламент және президент сайлаулары өткізілгенше біріккен уақытша үкімет құрылуы тиіс. Ал Дамаск бүгін ол жоспарды "Сирия халқына қарсы астыртын әрекет" деп бағалап, қабылдамай тастады.
XS
SM
MD
LG