Accessibility links

Жаңаөзен оқиғасынан бері 40 күн өтті


Жаңаөзен оқиғасы кезінде полиция түсірген видеодан көрініс. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл
Жаңаөзен оқиғасы кезінде полиция түсірген видеодан көрініс. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл

Қаңтардың 25-і күні 10.00 – 21.00 арасында өткен Форумхана былтырғы желтоқсан айында Жаңаөзенде болған қанды оқиғадан кейінгі қалыптасқан ахуалға арналды. Осы қаладан басталып Маңғыстау облысының бірқатар аудандарында жалғасқан толқу және наразылық танытушыларға полицияның атыс қаруын қолдануына қатысты белгілі азаматтық қоғам белсенділері пікір білдірді.

Форумханадағы онлайн әңгіме-дүкен төмендегі сауалдардың төңірегінде өрбіді:

1. Жаңаөзен оқиғасынан кім, қандай сабақ алды деп ойлайсыз? (Билік, халық және жеке басыңыз)
2. Жаңаөзендегі қақтығыста қаза тапқандардың қырқы өтетін уақыт болды. Адам шығынына қатысты бейресми мәліметтер қаншалықты расталды?
3. Ресми орындар Жаңаөзенде жағдай тұрақталды деп мәлімдеді, онда төтенше жағдай тәртібі неге алынбай отыр?
4. Жаңаөзен оқиғасы сияқты қанды қақтығысты алдағы уақытта болдырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?


Талқылауға қатысқан барша оқырманға рақмет айтамыз.
XS
SM
MD
LG