Бүгін "Стан.ТВ" бейне порталы мен "К+" телеарнасына, тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов пен Жаңаөзендегі оқиғаға қатысы бар деген айыппен үстінен қылмыстық іс қозғалған партия белсендісі Айжангүл Әміроваға қоғамдық "Азаттық" сыйлығы берілді деп хабарлады Азаттық тілшісі.
Азаттық тілшісі Владимир Козловтың сыйлықтан бас тартып, оны Айжангүл Әміроваға бергенін және өзінің сыйлықты тапсыру кезінде бола алмағанын жеткізді.
2003 жылы сол кездегі "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қоғамдық қозғалысына біріккен демократиялық күштер жыл сайын берілетін "Азаттық" сыйлығын тағайындаған болатын. Ереже бойынша, бұл сыйлық Қазақстанда демократия орнату мен азаматтық қоғам құру ісіне үлес қосқан Қазақстан және шетел азаматтарына беріледі.