Accessibility links

Белсенділер: "Алғаға" қысым жасау тоқтатылсын


Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов.
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов.
Бүгін отыздан астам оппозиция өкілдері мен құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері биліктен ҰҚК-нің тіркелмеген "Алға" партиясы мен қоғамдық белсенділерге қатысты тінту, тексеру жұмыстарын тоқтатуын талап етіп, үндеу жолдады.

Үндеуде "Біздің ойымызша, билік Жаңаөзендегі төтенше жағдай мерзімі аяқталуға таяғанда Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылып қалуынан қорқып, оны тексеруге құрылған тәуелсіз қоғамдық комиссия құрамындағы "Алға" партиясын оқиғаға айыпты деп таппақ. Билік дұрыс ақпарат жеткізгісі келетін оппозициялық күштер арасында тазарту жүргізгісі келеді" деп жазылған.

Үндеуге қол қоюшылар биліктен "Алға" партиясына қысым жасауды тоқтатып, өз азаматтарына қарсы жаңа қудалау шараларымен республикадағы жағдайды шиеленістірмеуді талап етеді.

Қаңтардың 23-і күні ҰҚК тіркелмеген "Алға" партиясы мен бірнеше қоғамдық белсендіге қатысты тінту, тексеру жұмыстарын бастаған болатын. ҰҚК тексерудің Жаңаөзен қаласы прокурорының Жаңаөзен оқиғасын тергеуге қатысты берген санкциясымен жүргізіп жатқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG