Accessibility links

ҰҚК: Винявскийге қарсы қылмыстық іс қозғалды


ҰҚК Алматы департаментінің ғимараты. Көрнекі сурет.
ҰҚК Алматы департаментінің ғимараты. Көрнекі сурет.
ҰҚК бүгін ресми түрде "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийге қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

ҰҚК ресми сайтындағы хабарламасында "2012 жылғы 23 қаңтарда ҰҚК азамат Винявский Игорь Владимировичке қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі 170 бабының 2 бөлігіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр" деп жазады.

Бұл бап «бұқаралық ақпарат құралдары немесе ұйымдасқан топ арқылы Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын не территориялық тұтастығын күшпен құлатуға не өзгертуге шақырған» адамдарға қатысты.

Хабарламада кеше ҰҚК Алматы қаласы прокурорының санкциясымен Винявскийдің үйі мен жұмыс орнына тінту жүргізген соң оны ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша тергеу абақтысына жапқаны айтылады.

ҰҚК қаңтардың 23-інен бері тіркелмеген "Алға" партиясының өкілдері мен басқа да белсенділерге қатысты тінту, тергеу жасап жатқаны бұған дейін хабарланған болатын.
XS
SM
MD
LG