Accessibility links

Тәжікстанда жоғары шенді шенеуніктер тұтқындалды


Тәжікстанда есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен жоғары шенді бірнеше шенеунік тұтқындалды.

Олардың арасында Ауғанстанмен шектес Фархор ауданының есірткімен күрес басқармасының басшысы Фаридун Омаров, ішкі істер министрлігінің заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес басқармасының бастығы, осы басқарманың Душанбе қалалық бөлімінің бастығы да бар. Омаров - Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары Мансұр Омаровтың бауыры.

Тергеу барысына қарағанда, Фаридун Омаров ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болған. Қылмыстық топ Хатлон облысының қауіпсіздік қызметі мен есірткіге қарсы күрес ведомствосының бірнеше қызметкерінен құралған. Өзінің атын айтуды қаламаған шенеунік бұл топтың қаңтардың басында ұсталғанын айтады.

Хатлон облысы арқылы Ауғанстаннан есірткі тасымалданады.
XS
SM
MD
LG