Accessibility links

"Кеше кешке ҰҚК оппозициялық белсенді Серік Сапарғалидың үйін тінтіп, оның өзін Алматы қалалық ҰҚК департаментінің тергеу абақтысына үш күнге қамап тастады" деп хабарлады Азаттық радиосына тіркелмеген "Алға" партиясының белсенділері мен қоғамдық белсенділер.

"Алға" партиясы белсенділерінің айтуынша, Серік Сапарғалиға "әлеуметтік жік туғызды" деген айып тағылған. Партия жетекшісі Владимир Козлов та осындай айыппен тұтқындалған.

ҰҚК Алматы қаласы мен облысында тұратын бірнеше адамға қатысты тінту, тергеу жұмыстарын бастағанын, тексеру Жаңаөзен қаласы прокурорының санкциясымен жүргізіп жатқанын хабарлады.

Серік Сапарғали 2011 жылы президент сайлауына үміткер болған. Ол 2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзенде полицияның қарусыз адамдарға оқ атқанына наразылық танытып, рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG