Accessibility links

Құқық қорғаушы Курамшин тұтқындалды


Құқық қорғаушы Вадим Курамшин.
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин.
Жамбыл облысы Қордай ауданының Қордай ауылында құқық қорғаушы Вадим Курамшин ұсталды деп хабарлады Азаттық радиосына оппозиция белсендісі Жанна Байтелова.

Оның айтуына қарағанда, қаңтардың 23-інде Қордайда құқық қорғаушылар Вадим Курамшин, Кәрібай Құсайынов пен Арман Ожаубаев тұтқындалып, қаңтардың 24-іне қараған түні соңғы екеуі босап шыққан. Ал Вадим Курамшинге прокуратура өкілінен пара алуға әрекеттенді деген айып тағылған.

Жанна Байтелованың айтуынша, Курамшин ұсталған соң оның Алматыдағы пәтерінде Жамбыл облыстық прокуроры Бағбан Тайымбетовтың санкциясына сәйкес тінту жасалып, тінтушілер жеке компьютерін алып кеткен.

Құқық қорғаушылар Қордай ауылына жеке кәсіпкер Анна Кузьминаның мүддесін қорғауға келген. "Кузьминадан Қордай ауданында ұсталған жүгін шығару үшін пара талап еткен" дейді Байтелова.
XS
SM
MD
LG