Accessibility links

Иранда белсенді журналист тұтқындалды


Иранның реформашыл журналисі және бұрынғы студенттер белсендісі Саид Разави Факих Парижден Тегеранға оралған кезінде тұтқындалды.

Разавидың таныстары оның бір апта бұрын Тегеранға келген кезінде жоғалып кеткенін айтады. Хабарларға қарағанда, оны әуежайда бірден тұтқындап, абақтыға қамаған. Разавидің не себепті тұтқындалғаны белгісіз.

Иранда наурызда өтетін парламент сайлауының қарсаңында журналистерді, блогерлер мен белсенділерді қудалау күшейді.
XS
SM
MD
LG