Жамбыл облысының Қордай аудандық соты құқық қорғаушы Вадим Курамшинді қылмыстық істі тергеу үшін екі ай қамауға алу туралы санкция шығарды деп хабарлады оның қорғаушысы Руслан Алимурадов Азаттық тілшісіне.
Алимурадов Курамшинге қылмыстық кодекстің 181 бап 4 бөлімінің "б" тармағы бойынша "ірі көлемде пара алмақ болды" деген айып тағылып, қазір Тараз қаласының тергеу абақтысына әкетілгенін айтады. Бұл тармақ бойынша айыпталғандарға жеті жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы кесіледі.
Бұған дейін жеке кәсіпкердің құқығын қорғамақ болып Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қордай ауылына барған Курамшиннің тұтұқындалғаны туралы хабарланған болатын. Оппозиция белсендісі Жанна Байтелованың айтуынша, Курамшин ұсталған соң оның Алматыдағы пәтерінде Жамбыл облыстық прокуроры Бағбан Тайымбетовтың санкциясына сәйкес тінту жасалып, тінтушілер оның жеке компьютерін алып кеткен.