Қырғызстанда аштық жариялаған соң биліктің өздерін күштеп тамақтандыруына қарсы болып, ауыздарын тігіп тастаған тұтқындардың саны 1300-ге жетті.
Қырғызстанның мемлекеттік түрме қызметінің баспасөз хатшысы Элеонора Сабатарова елдегі 13 түрме мен колонияда аштық жариялап жатқандардың саны 6000-ға жеткенін хабарлады. Аштық жариялау кезінде денсаулығы нашарлаған 600-ден астам тұтқын түрме ішінен ем қабылдауға жіберілген.
Тұтқындар аштықты Бішкекте үкімет күштері түрмедегі бүлікті басқан күннің ертесінде, желтоқсанның 17-сі жариялады. Бүлікті басу кезінде 1 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.