Accessibility links

Конгресмен: Қазақстан заңы диктаторлық режимге бастайды


АҚШ конгресіндегі Хельсинки комиссиясының төрағасы Кристофер Смит.
АҚШ конгресіндегі Хельсинки комиссиясының төрағасы Кристофер Смит.
АҚШ-тың Хельсинки комиссиясының төрағасы Кристофер Смит Қазақстанда жаңадан қабылданған "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңды "елді диктаторлық режимге қарай сүйрейді" деп бағалады.

Бұл комиссия қаңтардың 6-сында президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған заң қауіпсіздік қызметінің билігін күшейтіп, "елдің әлем алдындағы беделіне нұқсан келтіргендерді бүлікшіл деп атауға және ары қарай да қуғындауға мүмкіндік береді деп санайды.

Қаңтардың 25-і күні Кристофер Смит "Қытайда диссиденттердің "ұнамсыз әрекеттерін" тойтару үшін оларды түсініксіз жағдайда қудалап, артынан ұзақ мерзімге еңбек лагерлеріне жіберу тәсілі бар. Қазақстанның жаңа заңы да осыған өте ұқсас. Мен мұны қатыгездіктің тым күшеюі, я диктаторлық режимге шынымен бет алу деп санаймын" деген.

Кристофер Смит Қазақстандағы парламент сайлауын да сынап, Жаңаөзен оқиғасына тергеу жүргізу шаралары оппозицияны тұншықтыруға бағытталып отыр деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG