Accessibility links

RWB: Қазақстан БАҚ-қа шектеу қойып жатыр


RWB (Reporters Without Borders - "Шекарасыз тілшілер") халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымы 2011 жылғы сөз бостандығы жайлы есебін жариялады. Құжатта "Қазақстан билігі "тұрақтылықты сақтау" жолында елдегі өзі де аз тәуелсіз ақпарат құралдарын қудалауды күшейтіп, интернетке бақылау орнатуға тырысып жатыр" деп жазылған.

Ұйым Қазақстанның былтырғы 179-орыннан 2011 жылы 154-орынға көтерілгенін айтады. Бірақ ұйым Қазақстанның ілгерілеуіне көптеген елдердің рейтингісі төмендеп кетуі себеп болғанын ескертеді.

"Жалпы, ТМД елдеріндегі сөз бостандығы Қазақстанмен салыстырғанда жақсы" дейді ұйым. Мәселен, Ресей бұл рейтингте 142-орында, Тәжікстан 122-орында, Украина 116-орында, Қырғызстан 108-орында тұр. Бірақ Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь және Түркіменстанның рейтингі Қазақстаннан төмен.

Тізімнің басында Финляндия, Норвегия және Эстония орналасқан. Түркіменстан 177-орын, Солтүстік Корея 178-орын, Эритрея 179-орынмен тізімді аяқтайды.
XS
SM
MD
LG