Accessibility links

Кеңесші: Жаңаөзен әкіміне әзірге айып тағылған жоқ


Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.
Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.
Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеевке қатысты ешқандай ресми айып тағылған жоқ. Бұл туралы әкім Сарбөпеевтің кеңесшісі Айнаш Тілекқабыловаға сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады. Тілекқабылованың айтуынша, Орақ Сарбөпеев бір аптадан бері еңбек демалысында.

Агенттік Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жалғас Бабахановты қаржы полициясының тұтқындап, оған қатысты "қаржы жымқырды" деп қылмыстық іс қозғалғанын да келтіреді.

Қаңтардың 25-і күні бас прокурор Асхат Дауылбаев Жаңаөзендегі тергеу барысын жариялап, мұнайшылар ереуілінің ұзаққа созылуы мен әлеуметтік жағдайдың шиеленісуіне лауазымды тұлғалардың, оның ішінде Жаңаөзен қаласының қазіргі және бұрынғы әкімдері Орақ Сарбөпеев пен Жалғас Бабахановтың заңсыз әрекеттері ықпал еткенін мәлімдеген. Дауылбаев олардың мемлекет қаржысын "Жанашыр" және "Жарылқау" қорлары арқылы ұрлап келгені туралы да айтты.

Бас прокуратураның соңғы хабарына сай, Жаңаөзендегі оқиғалар мен оның салдарынан 16 адам қаза тауып, 64 адам жараланған. Ал Шетпедегі оқиғаларда 1 адам қаза тауып, 11 адам жараланды.
XS
SM
MD
LG