Accessibility links

"Голос" Ресей президенті сайлауын қатаң бақыламақ


"Голос" ұйымының Ресейдегі президент сайлауына арналған жаңа картасы.
"Голос" ұйымының Ресейдегі президент сайлауына арналған жаңа картасы.
Ресейдегі сайлауға бақылау жасайтын жалғыз тәуелсіз ұйым "Голос" билік тарапынан кедергілер мен қудалаулар болу қаупіне қарамастан 4 наурызда өтетін президент сайлауын бақылауға 2000 бақылаушы жіберетінін хабарлады.

"Голос" ұйымы кеңселерін босату үшін қысым жасалып, электр қуатын қиып тастау туралы доқ көрсетілгеніне қарамастан, сайлау заңы бұзылғанын дереу тіркейтін интерактивті карта орнатты.

Ұйымға желтоқсандағы парламент сайлауы қарсаңында заң бұзушылықтарды тіркеген интерактивті тақтаны көрсеткені үшін айып салынған болатын. Ал сайлау күні - 4 желтоқсанда "Голостың" веб-сайтына хакерлік шабуыл жасалып, істемей тұрды.
XS
SM
MD
LG