Қырғызстанның бас мүфтиі Чубақ қажы Жәлилов елдегі барлық ойынханаларды жабуға үндеу тастады.
Бас мүфти Қырғызстанның барлық мешіттеріндегі имамдарды жұма намазы уағызында құмар ойындарға қарсы насихат жасауға шақырды. Ол Құранда құмар ойындарға тыйым салынғанын айтады.
2011 жылдың соңында Қырғызстан үкіметі ойынханалар қызметіне тыйым салды. Бірақ ойынханалардың иелері мен қызметкерлері оған қарсылық танытып, шеруге шыққан. Үкімет Қырғызстандағы мұсылман дінбасыларынан халықты ойынханалардың жабылуына қарсылық танытпауға шақыруды сұраған болатын.