Accessibility links

Атырауда Жаңаөзен құрбандарын еске алды


Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.
Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.
Бүгін Атырау қаласының орталығындағы "Иманғали" атындағы мешітте Жаңаөзенде құрбандарының қайтыс болғанына қырық күн толуына орай 30 шақты адам жиналып, құран бағыштап еске алды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Еске алуға жиналғандардың арасында ЖСДП-ның Атырау облыстық филиалының төрағасы Жұмабай Досманов болды. Ол "Біз Жаңаөзен мен Шетпеде қарусыз адамдарды атуға бұйрық бергендерге лағынет айтамыз" деді. Жиналғандардың арасында Құлсары қаласынан келгенде де бар.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16 күнгі оқиғаларда полиция қарусыз адамдарға қарсы оқ атып, ресми мәлімет бойынша 16 адам қаза болды. Шетпеде желтоқсанның 17-сінде тұрғындар мен полицейдің қақтығысынан 1 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG