Accessibility links

Козлов пен Винявский екі айға қамалды


Алматының Алмалы аудандық соты бүгін "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский мен тіркелмеген "Алға" оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козловты екі айға қамау туралы шешім шығарды деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі.

Винявский мен Козлов қаңтардың 23-інде тұтқындалған болатын. "Взгляд" басылымының бас редакторына қарсы "мемлекеттік құрылысты күшпен құлатпақ болды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалды, ал "Алға" партиясының жетекшісі "әлеуметтік жік туғызды" деген күдікпен ұсталды. Сонымен қатар оппозициялық белсенді Серік Сапарғалиға да осыған ұқсас айып тағылып, тұтқындалған еді.

AzattyqTV

Макронмен кездесу

Путин санкция жайлы айтты

XS
SM
MD
LG