4 ақпанда өтетін «Әділ сайлау үшін!» атты азаматтық акцияға қолдау танытқан жеңіл көліктер шеруі бүгін Мәскеудің орталығындағы Садовое кольцо даңғылында екі сағат бойына жалғасты.
Азаттық радиосы орыс редакциясы тілшісінің айтуына қарағанда, ақ жолақ байлаған жеңіл көліктер шеруіне мыңдаған автомобиль қатысқан. Ал қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі шеруге қатысқан көліктер саны 300-ден аспайды дейді.
Акцияда ақ лента немесе кез келген ақ түсті зат сайлаудың тазалығын білдіретін символға айналды. Кейбір жеңіл көліктерде «Біз әділ сайлау үшін!», «Путинсіз Ресей» деген жазулар да болды.
Әлеуметтік желілерде пайда болған «ақ дөңгелек» шеруін өткізу идеясын жақында құрылған «Сайлаушылар лигасы» қоғамдық ұйымы қолдаған.