Accessibility links

Азия елдері Иран мұнайына эмбарго қоймайды


Үндістанның соңын ала Қытай мен Оңтүстік Корея АҚШ пен Еуроодақтың Ираннан мұнай импорттауға салған эмбаргосына қосыла алмайтындарын мәлімдеді.

Оңтүстік Кореяның қаржы министрі Бак Дже-Ван Сеулдің Вашингтонмен Иранға санкция салу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын, бірақ келіссөзден нәтиже шығары беймәлім екенін ескерткен. Ол Оңтүстік Корея тұтынатын мұнайының 10 пайызын Ираннан импорттайтынын да жеткізді.

Ал Иран мұнайын ең көп тұтынатын Қытай Иранға қатысты кез-келген санкцияға қарсы екендігін мәлімдеді.

Үндістанның қаржы министрі Пранаб Мухерджи де бүгін АҚШ-қа сапарында Делидің Ираннан мұнай импорттауға эмбарго сала алмайтынын мәлімдеген.

АҚШ пен Еуроодақ Иран мұнайына эмбарго салуда Иран мұнайының басты тұтынушылары Азия елдеріне көп үміт артқан. Себебі Иранның күнделікті импорттайтын 2.5 миллион баррель мұнайының шамамен 2 миллионын Азия елдері сатып алады.

АҚШ пен Еуроодақ Иранды "ядролық қару жасап жатыр" деп айыптап, бірқатар қаржы және экономикалық тұрғыдан санкциялар салған болатын.
XS
SM
MD
LG