Accessibility links

Атырауда бір адам үсіп өлді



Атыраудан 180 шақырым қашықтықтағы Индер ауданының тұрғыны 29 қаңтарда боранда үсіп өлді деп хабарлады Азаттық радиосының осы аймақтағы тілшісі.

Индерлік азамат таңертең Өрлік ауылынан шығып, 7 шақырым жердегі Жарсуат ауылына бармақ болған. Ол үйіне соңғы рет ұялы телефонмен хабарласып, "омбы қардан жүре алмай шаршап, талдың арасында отырғанын" айтқан екен. Кейін оны іздеген адамдар тоғай арасынан таба алмаған.

Индер ауданының прокуроры Нұрлан Өмірзақовтың айтуынша, бұл мәселеге орай тексеру жүріп жатыр.

Атырау облысының Индер ауданында қардың қалың түсуінен 28 қаңтардан бастап 16 мектепте сабақ тоқтатылған еді. Қардың қалыңдығы кей жерлерде 2 метрден асады.
XS
SM
MD
LG