Accessibility links

Сирияда жоғалған Ресей журналисі табылды


Сирияда осыдан он күн бұрын жоғалып кеткен Тәжікстанның "Бизнес және саясат" апталығында штаттан тыс жұмыс істейтін ресейлік журналист Александр Рубиннің тірі екендігі белгілі болды.

"Бизнес және саясат" апталығының бас редакторы Джамшид Улмасовтың хабарлауынша, оған Рубиннен электрондық хат келген. Онда Рубин өзінің қазір Түркияда және жағдайы жақсы екенін, таяуда Грузияға келетітін ғана айтқан. Басқа мәліметтер белгісіз.

Александр Рубин қаңтардың 20-сында Сирияның Латакия қаласынан кеткеннен соң одан ешқандай хабар-ошар болмаған.
XS
SM
MD
LG