Accessibility links

Жаңаөзенде ішкі істер басқармасы бастығы ауысты


Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.
Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.
Жаңаөзен қаласы ішкі істер басқармасының бастығы болып Амангелді Досаханов тағайындалды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ішкі істер басқармасына хабарласқан Азаттық тілшісіне Қазиев есімді қызметкер бұрынғы бастық Мұхтар Қожаевтың орнына бұған дейін Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің штаб басшысы болған Амангелді Досахановтың тағайындалғанын айтқан.

Жаңаөзен қаласында президент жырлығымен 2012 жылдың қаңтардың 5-іне дейін төтенше жағдай жарияланған еді. Төтенше жағдай мерзімі қаңтардың 31-іне дейін ұзартылған болатын. Бүгін таңғы сағат жетіден бастап Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай тәртібі алынып тасталды.
XS
SM
MD
LG