Accessibility links

Қырғызстан өзбек жетекшісінің жазасын өзгертпеді


"Қырғызстанда ұлтаралық араздықты қоздырды" деп айыпталған Қадыржан Батыровтың соты. Жалал-Абад, 31 қаңтар 2012 жыл.
"Қырғызстанда ұлтаралық араздықты қоздырды" деп айыпталған Қадыржан Батыровтың соты. Жалал-Абад, 31 қаңтар 2012 жыл.
Қырғызстанның Жалал-Абад облыстық соты жергілікті өзбектердің жетекшісі Қадыржан Батыровты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді күшінде қалдырды.

Сот Батыровты "өткен жылдың қазанында ұлтаралық араздықты қоздырып, сепаратистік үгіт-насихат жүргізді және 2010 жылдың маусымында Жалал-Абад пен Ош облыстарында қырғыздар мен өзбектер арасындағы этникалық қақтығыстарды ұйымдастырды" деген айыппен өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарған болатын.

Өзін кінәсізбін деп санайтын Қадыржан Батыров өткен жылдың қарашасында Швецияға барып, босқын мәртебесін алды.

2010 жылдың маусымында қырғыздар мен өзбектер арасында болған қақтығыстардан 447 адам қаза тауып, мыңнан астам адам жараланған болатын. Кейбіреулер із-түзсіз жоғалып кетті.
XS
SM
MD
LG