Accessibility links

Козловтың әйелі күйеуіне қорғаушы болғысы келеді


Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова. Алматы, 6 мамыр 2010 жыл.
Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова. Алматы, 6 мамыр 2010 жыл.
Тіркелмеген "Алға" партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова ҰҚК-нің жедел тергеу тобынан 3 ақпанға дейін өзін күйеуінің қорғаушысы етуді талап етіп, мәлімдеме жасады.

Тұрысбекова мәлімдемесінде күйеуін қорғауға рұқсат беруді талап еткенін, бірақ оған тек куәгер бола алатыны айтылып, рұқсат бермілмегенін жеткізеді.

"Мен ҰҚК жедел тергеу тобының бұл әрекетін күйеуімді оқшаулау, менімен кездесуге мүмкіндік бермеу деп бағалаймын. Құзырлы органның бұл әрекеті күйеуіме қысым көрсетіп, қинап жатқанын меңзейді" дейді Әлия Тұрысбекова.

Егер ақпанның 3-іне дейін күйеуіне қорғаушы болуға рұқсат берілмесе, онда бұл "Козловты мойнына кінә арту үшін оны қинап жатқанын білдіреді" дейді ол.

26 ақпанда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловты екі айға қамауға санкция берді. ҰҚК оны 23 қаңтарда тұтқындап, "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып таққан.
XS
SM
MD
LG