Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваға қаңтардың 28-інде өткен рұқсат етілмеген шеруге қатысқаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (32 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.
Бұған дейін Рысбек Сәрсенбайұлы, Қанат Ибрагимов, Мұхтар Тайжан және Жармахан Тұяқбайға 20, Мұхтар Шахановқа - 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлдар салынған болатын.
Қаңтардың 28-інде Алматыда ЖСДП жетекшілері Жаңаөзен оқиғасы кезінде оқ атылғанын айыптап, парламент сайлауының нәтижелеріне наразылық білдіріп, билікті қатты сынға алған шеру өткізген болатын.
Сол күні Әміржан Қосанов, Әмірбек Тоғысов 15 тәулікке, Болат Әбілев 18 тәулікке қамалды.