Египеттің мемлекеттік телеарнасы кеше Порт-Саид қаласында футбол ойынынан кейін басталған тәртіпсіздіктерде 73 адамның қаза тауып, 100 шақты адамның жараланғанын хабарлады.
Қаза тапқандардың біразы қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері деген болжам бар. Дәрігерлер көз жұмғандардың біразы пышақтан қайтыс болғанын айтады.
Қақтығыс Порт-Саидтың "әл-Масри" командасы Египеттегі ең мықты клубтардың бірі "әл-Ахлиді" жеңе салысымен басталып, фанаттар "әл-Ахли" клубының ойыншылары мен жақтастарына дүрсе қоя берген.
Ал елдің футбол федерациясы осы оқиғадан соң бірден Каирде өтетін кезекті ойынды тоқтатқан. Мұны білген фанаттар Каир стадионының жартысына от қойған.
Египетті басқарып отырған әскери кеңес елде үш күнге созылатын қаралы күн жариялады.