Accessibility links

АҚШ Тимошенконы босатуға шақырды


АҚШ сенатының Еуропа істері жөніндегі комитетінің төрағасы Жанна Шахин
АҚШ сенатының Еуропа істері жөніндегі комитетінің төрағасы Жанна Шахин
АҚШ сенатының Еуропа істері жөніндегі комитетінің төрағасы Жанна Шахин "Украина сотталған оппозиция мүшелерін, оның ішінде бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконы босатпаса, Батыс елдерімен қарым-қатынасы қиындайды" деп ескерту жасады.

Жанна Шахин оппозицияны саяси себептермен қудалау Украинаның алға басуына, атап айтқанда Киевтің Еуропа Одағымен сауда келісімін жасауына кедергі келтіргенін айтты. "Келісімдердің алға жылжуы үшін Украина оппозиция мүшелерін босату керек" деді ол.

Бұрынғы премьер Юлия Тимошенко өткен жылдың қазан айында қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен жеті жылға сотталған болатын.
XS
SM
MD
LG