Accessibility links

"Республика": Редакцияда тінту жүріп жатыр


«Республика» газеті Алматыда басылым редакциясынан ҰҚК қызметкерлері компьютерлер мен кеңсе техникаларын тәркілеп жатыр деп хабарлады.

«ҰҚК-нің бұлай істеуіне бас редактордың орынбасары Оксана Макушинаның Игорь Винявскийді қолдау мақсатында өткізілген баспасөз жиынына қатысуы негіз болған» делінген хабарламада.

Винявскийді қолдау үшін өткізілген баспасөз жиынында сөйлеген Макушина, Винявскийдің әйелі Лана Винявский және заңгер Сергей Уткин ҰҚК-не тергеуге шақырылған. "Макушина мен Лана Винявский ҰҚК-де әлі тергеуде" дейді басылым.

Басылымның хабарына қарағанда, ҰҚК қызметкерлері кеше Макушинадан қаңтардың 30-ында Игорь Винявскийге қатысты өткен баспасөз жиыны жайлы сұраған. Тергеушілер Оксанадан баспасөз жиынын өткізуге кім итермелегенін, онда сөйлегендердің Винявскийге қылмыстық іс қозғалғаны туралы қаулы мен Винявский таратты делінген үнпарақты қайдан алғанын сұраған.
XS
SM
MD
LG